Қазақтың ұлттық нақыштағы ресурсын дамытушы — алтын алқалы Сандуғаш Мырзабекқызы.
Сіздің үйініздің көркін ашатын ерекше өнімдер
Вышивка – бұл нәзіктік пен өнер үйлесімі. Қазақтың ою-өрнектерімен безендірілген кестелер кез келген бұйымға ұлттық нақыш пен ерекше сән береді. Қолмен және машинамен тігілген кестелер сәнді, сапалы, ұзақ мерзімді, әрі кез келген стильге жарасады.
Қыз жасауы – қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан дәстүрі. Бұл – жаңа өмірге қадам басқан қыздың отауына қажетті ең сәнді, сапалы әрі ұлттық нақыштағы төсек-жабдықтарының жиынтығы.
Шымылдық – қазақ дәстүріндегі қыздың нәзіктігі мен ар-намысын айшықтайтын ерекше бұйым. Ол қалыңдықтың отауындағы көркі болып саналады және сәнді ою-өрнектермен безендіріледі.
Аруай көрпесі – нәзіктік пен жылулықтың символы. Бұл көрпе ерекше дизайнмен, сапалы маталармен және ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен тігіледі.
Махаббат көрпесі – екі жүректі біріктіретін, жылулық пен сүйіспеншілікке толы ерекше көрпе. Ол жұптарға арналған, махаббаттың символы ретінде нәзік түстермен, ұлттық ою-өрнектермен безендіріліп, сапалы материалдардан тігіледі.
Көрпелер – жайлылық пен жылулықтың кепілі! Біздің көрпелер сапалы материалдардан, ұлттық нақыштағы ою-өрнектермен безендіріліп тігіледі.
“Құрақ көрпелеріңіз керемет! Түстері қанық, матасы сапалы, тігісі мінсіз. Үйіме ерекше жылулық сыйлады!”
“Қыз жасауына тапсырыс бердік. Барлығы ұлттық нақышта, өте әдемі және сапалы! Отбасымыз риза, үлкен рақмет!”
“Шымылдық пен көрпелерді арнайы тіктірдік. Оюлары ерекше, матасы қалың, өте әдемі! Осындай сапалы қолөнер үшін алғыс айтамын!
Ұлттық нақыш пен сапаны үйлестіре отырып, біз құрақ көрпе, жастық, төсек жабдықтарын жоғары деңгейде ұсынамыз. Әрбір өнім қолмен тігілген, сапалы маталардан жасалған, ұзақ мерзімді және денсаулыққа қауіпсіз.
✅ Құрақ көрпелер – дәстүр мен сәннің үйлесімі
✅ Оюлы жастықтар – үйіңізге сән мен жылулық
✅ Төсек жабдықтары – жайлылық пен сапа кепілі
Бізбен бірге қазақы стильдегі жайлылықты сезініңіз!
Ару-Ай құрақ көрпе өндіріс орталығы сенің көңіліннен шығатындай етіп сәнді-сапалы өнім шығарады. Дәл қазір өз қадамынды жаса.